2021 Байқаудың қорытындылары
15 наурызда Қазақстанда «Кәсіпкер-ана» бағдарламасының аяқталу рәсімі өтті
Бағдарламаның бірінші маусымына қатысуға тұтастай Қазақстан бойынша мүмкіндігі шектеулі балалардың аналары, көп балалы және бала асырап алған аналар шақыртылды. Бағдарлама онлайн форматында өткізілді, бұл тегін оқытуға еліміздің түкпір-түкпірінен бағдарлама қатысқысы келетін аналардың барлығының қатысуына мүмкіндік берді.

Қатысушылар 14 күн бойы маркетинг негіздерімен, қаржылық және салықтық сауаттылықтың егжей-тегжейімен танысып, өз бизнес-жоспарын құрып және аймақтың бизнес-сарапшыларымен жобаларын таныстыру дағдыларын меңгерді.

Өтінімдерді жинау
Қазақстан рекорд жасады. Бағдарламаға қатысуға 521 өтінім берілді, яғни «Кәсіпкер ана» бағдарламасының ең бірінші пилоттық жобасындағы бір орынға 20 адам үміткер болды! Жобаның 8 жылдық тарихында Ресейде бұрын-соңды мұндай жағдай болып көрмеген.

Амвэй жаттықтырушылары мен көшбасшылары
2021 бағдарламасының сарапшылары Ресей мен Қазақстанның тәжірибелі жаттықтырушылары болды. Қатысушылар Антонина Сухопаровамен бірге кәсіпкерлік негіздерімен танысып, Гүлбахыт Жолдасбекованың салық салу және бизнесті тіркеу
туралы дәрісін тыңдады, Сұлушаш Мағзиевамен жеке сауда белгісін құруды үйренді, Гүлмира Шерияздановамен жоспарлау принциптерін талқылап, Ақтоты Нұркешевамен таныстырылым рәсімін өткізу өнерін меңгерді және Дәмелі Бекмановамен әлеуметтік желілерде ілгері жылжудың барлық қыр-сырымен танысты.

Бизнес-сапарлар
Табысты кәсіпкер әйелдердің кәсіпорындарына экскурсия жасау – бағдарламаның маңызды бөлігі. Биылғы жылы бизнес-сапарлар виртуалды тур және интерактивті онлайн кездесі форматында өтті. Қатысушылар Арайлым Ерболатқызымен және «Britannica» ағылшын тілді бала-бақшасымен, Мадина Атшабаровамен және Milky Cake кондитерлік үйімен, Ләззат Бисенбинамен және Beissenbina.kz тігіндік сауда белгісімен танысты.

Финалға өршіл және перспетивалық жобалар шықты, олар: жеуге келетін «гүл шоқтарын», крафтілік ірімшікті шығару, трикотаждан киім тігу, әлеуметтік тақырыптағы подкасталар, шағын кондитерлік кәсіпорындар, ағылшын тілін үйренуге арналған сайт, шетелдіктерге орыс тілін үйрету және басқа да көптеген заттар. Қатысушылардың барлығы мақсатшыл және талантты, әрқайсысы өзінде қызықты.

Еліктіріп әкеткен аяқталу шарасы
Әділ-қазылар алқасы
Екатерина Лёвшина
Мунавара Палташева
«Кәсіпкер-ана» бағдарламасының жетекшісі
«Қазақстан кәсіпкерлер форумы» қауымдастығының атқарушы директоры

Әділ-қазылар алқасының құрамында бағдарламаны ұйымдастырушылардың өкілдері болды.

Болат Сәрсенов
Қазақстан Халықтары Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығы Төрағасының орынбасары

Асхат Әбішев
Гүлмира Шериязданова,
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Алматы қаласы бойынша жобаларды сүйемелдеу бөлімінің бастығы

Amway тәуелсіз кәсіпкері
Сұлушаш Мағзиева
Amway тәуелсіз кәсіпкері
Жеңімпаз
«Бұл идея менің ойымда көптен бері жүрген болатын.Менің мамандығым
тәжірибешіл-дефектолог, Алматы қаласының сөйлеуді түзету орталығында мишықтық стимуляция маманы ретінде қызмет етемін.Ұсақ моториканы дамытуға және сөйлеу дағдысын қалыптастыруға көмектесетін арнайы құралдардың қаншалықты қажет екендігін өте жақсы білемін. Соңғы бірнеше жыл бойы барлық дүкендер мен интернет-алаңшалардан қажетті оқу құралдарын іздеумен болдым. Лайықты оқу құралын таппағандықтан,
Байқауда бірінші орынды өзінің «Алақай» жобасымен Айнұр Жерембаева жеңіп алды, бұл жоба шеңберінде мектеп жасына дейінгі балалар мен ДМШ балаларға арнап фетр мен матадан әдістемелік құралдардың өндірісі жұмыс істеуде.

менде 1,5 және одан ересек балаларға көмектесетін өз өнімімді әзірлеп шығару идеясы туындады. Әріптестер «Кәсіпкер-ана» жобасы туралы айтып берді, осылайша мен оған өз өтінімімді тіркедім. Жобаның арқасында менің өзім бір-бірлеп жасап шығарған оқу құралдарын соған мұқтаж балалардың барлығына арнап көп мөлшерде жасап отыра аламын. Мен жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Гранттың маған осы идеямды іске асыруға көмектесетіні сөзсіз. Ұйымдастырушыларға рахмет».
Айнұр Жерембаева
Жеңімпаз 500 000 теңге көлемінде грантқа ие болады
Қазақстандағы пилоттық маусымның жеңімпазы болған қатысушы Amway-дің «Болашақ үшін жауаптымыз» қайырымдылық қорынан өз идеясын іске асыруға арнап грант алатын болады.

«Кәсіпкер-ана» бағдарламасы” орнында тұрған жоқ. Биылғы жылы біз халықаралық сахнаға шықтық және мұны қиын-қыстау кезеңде жасадық. Біздің дәстүрлі форматқа біршама өзгертулер енгізуімізге тура келді – біз алғаш рет бағдарламаны онлайн-форматында өткіздік, шетелдік жаттықтырушыны шақыртып шекараларымызды кеңейтумен тұтастай республика бойынша өтінімдерді қабылдадық. Алғашқы күндерден-ақ біз қазақстандық аналардың жоғары белсенділігін, олардың үйренуге деген ашықтығын және өз мүмкіндіктерін іске асыруға деген талпынысын байқадық. Әлбетте, бұл бізді қуантпай қоймайды».

Анна Сошинская
Amway-дің «Болашақ үшін жауаптымыз» қайырымдылық қорының президенті
Кез-келген уақытта біздің координаторымызға хабарлама жібере аласыз
Мама-предприниматель © 2005-2020 Барлық құқық заңмен қорғалған
Бағдарламаның әлеуметтік желілердегі парақшалары
— сайт жасау